Балиева Зағипа Яхянқызы
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің проректоры
6057 10.03.21, 18:00
Зағипа Балиева 1958 жылы 3 қазанда Алматы облысы Кеген ауданының Жалаңаш ауылында туған.
Білімі:
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, заңгер-құқықтанушы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, экономист-халықаралық маман.
Еңбек жолы:
1975-1976 ж.ж. СКТУ-де лаборант болып жұмыс істеген.
1981-1982 жж. – Жамбыл облыстық құрылыс банкінде заңгер кеңесші
1982-1986 жж. – Жамбыл қалалық атқару комитетінде заңгер.
1986-1992 ж.ж. - Алматы қалалық атқару комитетінің тұрғын үйді есепке алу және бөлу басқармасының инспекторы, бөлім меңгерушісі.
1992-1994 ж.ж. - Алматы қаласы әкімшілігінің басшысы аппаратының Заң бөлімінің меңгерушісі.
1994-1995 ж.ж. – XIII сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Экономикалық реформа жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.
1995-1996 ж.ж. –Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы, төрайымы.
2005-2009 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
2009-2011 ж.ж. – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
2021 жылдың 10 наурызынан - Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің проректоры
Мемлекеттік наградалары:
«Құрмет», «Парасат», «Күміс алқа», ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.