Балташева Әсемгүл Серікқызы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқарма төрағасы 

8473
Балташева Әсемгүл Серікқызы

Әсемгүл Балташева 1977 жылы 8 шілдеде туған. 

Білімі:

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «бухгалтер-аудитор» мамандығы бойынша бітірген.  

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «экономика-құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолы:

1997-2011 жж. – Павлодар облысының «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялар дирекциясында әр түрлі қызмет атқарған.   

2011-2015 жж. – «ХҚО» РМК-ның «ХҚО» жұмысын автоматтандыру және ұйымдастыру жөніндегі бас директорының орынбасары, «ХҚО» РМК-ның Павлодар облысы филиалының директоры.     

2015-2017 жж. – ҚР инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК бас директоры. 

2017 жылдың мамыры – 2019 жылдың сәуірі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары. 

2019 жылдың 6 сәуірінен - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқарма төрағасы.

Мемлекеттік наградалары: Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы.   

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу