Бармақов Сайранбек Солтанбекұлы
Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы
6707 19.04.19, 18:44
Сайранбек Бармақов 1963 ж. Шығыс Қазақстан облысында туған.
Білімі:
1986 ж. - Өскемен жол-құрылыс институтын бітірген. Мамандығы — инженер-механик.
2007 ж. – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «автомобиль жолдары мен әуеайлақ құрылысы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1986-1991 жж. - Талдықорған облысында Бөрлітөбе аудандық автомобиль жолдары мекемесінде желілік механик, бас инженер.
1991-1998 жж. - Қапал ПДУ басшысы, «Талдықорған жолдары» АҚ бастығының орынбасары.
1998-2006 жж. - «ДЭУ-25» ЖШС директоры.
2006-2008 жж. – ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің бөлім бастығының м.а., бөлім және басқарма бастығы.
2008-2013 жж. - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаментінің директоры.
2013-2014 жж. - «Щучинск санаторийі» АҚ бас директорының орынбасары.
2014 ж. -«Қазавтожол» РМК бас директорының орынбасары.
2014 ж. – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы.
2014 жылдың тамызы – 2019 жылдың ақпаны - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары.
2019 жылдың ақпан-сәуірі - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасының орынбасары.
2019 жылдың 19 сәуірінен - Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы.