Батанов Алмас Сұлтанұлы
Павлодар облысы әкімінің орынбасары
3924 16.07.19, 10:04
Алмас Батанов 1977 жылы 21 қарашада дүниеге келген.
Білімі:
2000 ж. - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «АӨК-тегі ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2004 ж. - Алматы технология және бизнес университетін, өндірісті стандарттау және сертификаттау жөніндегі инженер мамандығы бойынша бітірген.
2010 ж. - «Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Ноттингем университетін бітірген, ақпараттық технологиялар менеджменті магистрі.
Еңбек жолы:
2000-2006 жж. - «Метрология» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы филиалының жетекші маманы.
2000-2006 жж. - «Қазақстан метрология институтында» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан облысы филиалында бас маман.
2006-2009 жж. - «ҚазИнМетр» РМК басқарма басшысы, басшы орынбасары, орталық жетекшісі.
2011-2012 жж. - «Экономикалық зерттеу институты» АҚ бас сарапшысы.
2012-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында сарапшы, консультант, референт.
2013-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің өңірлік мониторинг және бағалау департаментінің директоры.
2014-2016 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.
2016 ж. - Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары..
2016-2018 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесі басшысының орынбасары.
2018 жылдың ақпаны – 2019 жылдың наурызы - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы.
2019 жылдың 16 шілдесінен – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.