Баттақов Ерлан Еркінұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы

8297
Баттақов Ерлан Еркінұлы

Ерлан Баттақов 1969 жылы 9 қазанда Қарағанды қаласында туған.

Білімі:

1992 ж. – Қарағанды политехникалық институтын «Құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі» мамандығы бойынша бітірген

1997 ж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитеті мен Еңбек министрлігінің Республикалық салааралық біліктілікті жоғарылату институтын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1992-1995 жж. – Қарағанды политехникалық институтында құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі кафедрасының зерттеуші қызметкері болып бастаған.

1995-1996 жж. – «Алатау Инвест» ИӨҚ бас маманы, бас директордың инвестиция жөніндегі орынбасары.

1996 ж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясы Бағалы қағаздар нарығын реттеу басқармасының маманы, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті лицензиялау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған

1996-2007 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, қаржылық директоры.

2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі қаржы - талдау секторының меңгерушісі.

2008-2010 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі қаржы - талдау секторының меңгерушісі.

2010-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің меңгерушісі.

2012 ж. қыркүйек – 2017 ж. сәуір – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысының орныбасары.

2017 ж. сәуір – 2019 ж.наурыз – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары. 

С 21 марта 2019 г. – 2019 жылдың 21 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу