Батыршаев Бақыт Данабекұлы

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің инвестициялар комитетінің төрағасы 

5322
Батыршаев Бақыт Данабекұлы

Бақыт Батыршаев 1973 жылы 26 маусымда дүниеге келген. 

Білімі:

1995 ж. – Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.  

«II санатты төтенше және өкілетті елші» дипломаттық рангісіне ие. 

Еңбек жолы:

1995-1997 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінде Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің атташесі, референт. 

1997-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Мысыр еліндегі Елшілігінде атташе.   

2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің екі жақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы. 

2002 ж. - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінде Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің екінші хатшысы.   

2002-2005 жж. - Қазақстан Республикасының Мысыр еліндегі Елшілігінде үшінші, екінші, бірінші хатшы. 

2005-2009 жж. - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінде Азия және Африка департаменті директорының орынбасары, директоры,басқарма басшысы.   

2009-2010 жж. – Қазақстан Республикасының  Саудия Корольдігіндегі кеңесші-елші. 

2010-2013 жж. – Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы тұрақты өкілі. 

2013-2019 жж. -  Қазақстан Республикасының  Саудия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарған.

2019 жылдың 3 мамырынан - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің инвестициялар комитетінің төрағасы.   

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу