Бауыржан Ізбасаров

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

6400
Бауыржан Ізбасаров

Бауыржан Ізбасаров 1977 жылы 6 ақпанда Алматы облысы Күрті ауданында дүниеге келген.

Білімі:

2003 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын құқықтану мамандығы бойынша, 2007 жылы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Құқық қорғау органдарында 2002 жылдың қаңтар айынан бастап еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Бас басқармасының No2 өрт сөндіру бекетінің мемлекеттік өртке қарсы қадағалау инспекторы болып бастаған.

Осы жылдар ішінде әртүрлі басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2021 жылдан бастап Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдың 9 тамызында Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу