Баяхметов Бақытжан Кәкенқажыұлы

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

9689
Баяхметов Бақытжан Кәкенқажыұлы

Бакытжан Баяхметов 1970 жылы 29 тамызда дүниеге келген. 

Білімі:

1992 ж. - Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген.   

2008 ж. -  Алматы Орталық Азия университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1992-1999 жж. - «Алтайэнерго» мекемесінде Аягөз электр торабының инженері.

1999 ж. - «Алтайэнерго» мекемесінде Аягөз электр торабының бастығы.

1999-2000 жж. - «ШҚ АЭК» жабық акционерлік қоғамның техникалық қамсыздандыру және релелік автоматикалық қорғау бөлімінің басшысы. 

2000 ж. -  «ШҚ АЭК» жабық акционерлік қоғамның бас диспетчері.

2000-2001 ж. - Аягөз АЭС «ШҚ АЭК» ЖАҚ өткізу тобының жетекшісі. 

2001-2002 жж. – Аягөз АЭС «ШҚ АЭК» ЖАҚ басшысы.   

2002-2004 жж. -  «ШК АЭК» жабық акционерлік қоғамының Аягөз аймағының директоры 

2004 жылдың мамыры – желтоқсаны – Аягөз АЭС бастығы. 

2004-2005 жж. - Бородулиха ауданының электр торабының бастығы.  

2005-2008 жж. - Аягөз ауданы әкімінің орынбасары. 

2008-2009 жж. - «Дана-Аягөз» жауапкершілік шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры 

2009 жылдың ақпан- сәуірі - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігін де басқарма бастығы, бас сарапшы.

2009 сәуір- қазаны- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінің бас сарапшысы.   .

2009 жылдың маусым – қазаны -  қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау бас сарапшысы.

2009-2010 жж. - Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің бастығы.

2010-2014 жж. – Аягөз қаласының әкімі.

2014 жылдың шілде-желтоқсаны – Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы әкімі 

2014 жылдың желтоқсаны – 2019 жылдың сәуірі - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі. 

2019 жылдың 18 сәуірінен - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу