Бейбіт Салымұлы Есенбаев
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі
5007 07.07.22, 19:55
Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді.
Білімі:
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік ұйымда инженер-бағдарламашы болып бастады.
2009-2011 жж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобаларды мониторингтеу және дамыту басқармасының сарапшысы.
20011-2013 жж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы.
2013-2017 жж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында бөлімшелерді басқарған.
2017-2020 жж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры.
2020 жылғы қыркүйектен бастап — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры.
2022 жылғы 7 шілдеде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды