Бейсекин Аян Уахитұлы

3589
Бейсекин Аян Уахитұлы

Бейсекин Аян Уахитұлы 1987 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданында туған.

Білімі: 

2008 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры мамандығы бойынша;

2013 жылы – М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Мемлекеттік басқару магистрі» біліктілігі бойынша аяқтады

«Болашақ» бағдарламасының түлегі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолы:

2008-2013 жылдары – Астана мен Мәскеу қаласындағы мемлекеттік емес құрылымдардың қызметкері;

2013 жылғы шілде – 2013 жылғы қазан аралығында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасында персоналды басқару бөлімінің консультанты;

2013 ж. қазан – 2014 ж. сәуір - Железин ауданы әкімінің аппарат басшысы;

2014-2015 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің индустриялық-инновациялық даму секторының меңгерушісі, Солтүстік-Қазақстан облысы Петропавл қаласы кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары;

2015-2017 жылдары - Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары;

2017 - 2018 жылдары - Железин ауданы әкімінің орынбасары;

2018 жылғы сәуір - 2019 тамыз  - Павлодар қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары;

2019 жылғы тамыз – 2022 жылғы тамыз – Ертіс ауданының әкімі

2022 жылғы 16 тамызда Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу