Бейсенов Әскер Кұрманғалиұлы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары 

5612
Бейсенов Әскер Кұрманғалиұлы

Бейсенов Әскер 1978 жылы 12 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1999 жылы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін "Әскерлерді қаржылық қамтамасыз ету және әскери шаруашылық экономикасы" мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, 2014 жылы Қаржы академиясын "Менеджмент" мамандығы бойынша аяқтаған.

II дәрежелі "Айбын" орденімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Еңбек өтілі:

Қазақстан әскерінде полковник Әскер Бейсенов Б. Момышұлы атындағы Республикалық әскери мектеп-интернатының тәрбиеленушісінен бастап, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің бастығына дейінгі жолдан өтті. Әр жылдары бюджеттік жоспарлау және қаржы саласында жауапты лауазымдарда болды. Сонымен қатар шет елдегі дипломатиялық корпуста қызмет атқарды.

2023 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу