Бекенов Қайрат Асқарбекұлы
Атырау облысы әкімінің орынбасары
9266 15.12.20, 15:00
Қайрат Бекенов 1978 жылы 31 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Құқық және нарық академиясын «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолы:
2000-2006 жж. – Алматы қаласы бойынша салық инспекторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Астана қаласы бойынша жетекші маманы, Алматы қаласы бойынша салық инспекторы- бас маман.
2006-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыздарды тарту бөлімінің бастығы.
2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы.
2008-2009 жж. - Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары.
2009-2010 жж. - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.
2010-2011 жж. - Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі.
2011-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2012-2015 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2015 жылғы қаңтар - қараша - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Әкімшілік жұмыс департаментінің бастығы.
2015 жылғы қараша - 2016 жылғы қыркүйек - «Ақтөбе» ӘКК Басқарма төрағасы.
2016 жылғы 6 қыркүйектен - 2020 жылғы 15 желтоқсанға дейін - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2020 жылдың 15 желтоқсанынан бастап - Атырау облысы әкімінің орынбасары.
Басқа лауазымдар:
Ақтөбе облыстық футбол қауымдастығының президенті