Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы

QazBioPharm ұлттық холдингі бас директорының міндетін атқарушы   

18163
Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы

Жандарбек Бекшин 1958 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. 

Білімі:

1982 ж. -  Свердловск мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, эпидемиология, санитария» мамандығы бойынша бітірген.

1998 ж. – медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

1982-1987 жж. - санитарлық дәрігер, Целиноград қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының коммуналдық гигиена бөлімінің меңгерушісі.

1987-1990 жж. - Целиноград қалалық және облыстық халықтық бақылау комитетінің инспекторы.

1990-1998 жж. - Целиноград облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігерінің орынбасары.

1998-2011 жж. -  Астана қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті бастығының орынбасары, бөлім бастығы, департамент директоры.

2011-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

2013-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары.

2014 ж. - Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, төрағаның міндетін атқарушы, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

2014-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

2017 ж. -  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

2017-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы.

2019 жылдың 25 маусымынан -  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

2020 жылдың 20 наурызынан бастап – Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері қызметінен босатылды. Алайда ол сапаны бақылау және қызметтердің қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары болып қалды.

2020 жылдың 18 сәуірінен бастап – Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

2022 жылдың қаңтарынан бастап зейнеткерлікке шықты.

2023 жылдың 16 қаңтарында QazBioPharm ұлттық холдингі бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу