Бектенов Олжас Абайұлы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының экс-орынбасары

16865
Бектенов Олжас Абайұлы

Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 

Білімі:

2001 ж. – Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, мамандығы – заңгер. 

Еңбек өтілі:

2002-2005 жж. – Алматы қаласы әділет басқармасында бас маман.

2005-2006 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінде заң бөлімінің бас сарапшысы.  

2006-2009 жж. – ҚР Президенті әкімшілігінде қызмет еткен. 

2009-2012 жж. – ҚР әділет министрлігінің тіркеу және құқықтық алғашқы көмек көрсету қызметі комитеті төрғасының орынбасары.   

2012-2014 жж. –  ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлық қарсы күрес агенттігі орталық аппаратында департамент басшысы. 

2015-2016 жж . – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі.

2016-2017 жылдары – Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысы.

2017 жылғы шілдеден бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2018 жылғы 1 маусымнан – 2019 жылдың 20 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.

Мемлекеттік наградалары:

ІІ дәрежелі «Айбын» ордені (2014 ж.).