Берік Бекмырзаұлы Солтанбаев

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы 

3637
Берік Бекмырзаұлы Солтанбаев

Берік Солтанбаев 1990 жылы 28 сәуірде Алматы облысында туған.

Білімі:

2012 жылы Қазақстанның «Парасат» көпсалалы институтын, 2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін, 2017 жылы Нархоз университетін бітірді.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2013 жылы «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалында кеңесші лауазымынан бастады.

2014-2017 жылдары «Қоғамдық келісім» КММ, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінде маман болды.

2017-2018 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2018 жылғы қазаннан бастап, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялар тарту және өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысы мәселесіне жетекшілік етті.

2022 жылғы 10 маусымда Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу