Берік Болатұлы Жүнісбеков

Бас Прокурор Аппараты басшысының орынбасары 

3025
Берік Болатұлы Жүнісбеков Фото: gov.kz

Берік Жүнісбеков 1981 жылы туған.

Білімі:

Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Еңбек өтілі:

2003 жылдан 2009 жылға дейін Алматы қаласының прокуратурасында жұмыс істеді.

2009 жылдан 2016 жылға дейін Бас прокуратурада түрлі қызметтер атқарды. 

2016 жылдан 2017 жылға дейін Алматы және Қарағанды облысының прокуратура бөлімшелерін басқарды. 

2020 жылы Ұлыбританиядағы Эксетер университетінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша магистратураны үздік бітірді. Оқудан кейін Бас прокуратурада қызметін жалғастырып, Бас Прокурор Аппаратының азаматтық-құқықтық саласындағы бақылау-талдау басқармасын басқарды. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 18 жылдан астам.

2023 жылдың 24 ақпанында Бас Прокурордың бұйрығымен Бас Прокурор Аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу