Білісбеков Ерғали Дәулетбекұлы
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
7864 17.11.20, 15:50
Ерғали Білісбеков 1961 дүниеге келген.
Білімі:
Білімі жоғары, мамандығы бойынша мәдени-ағарту жұмысының жетекшісі, экономист, құрылыс маманы.
Еңбек жолы:
1978-1983 жж. - Шымкент қаласындағы «Казгалантерейторг» базасында жұмысшы.
1983-1984 жж. - Шымкент қаласындағы ОКТУ-38 оқу орнында педагог-тәрбиеші.
1984-1988 жж. – Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының комсомол комитетінің хатшысы.
1988-1990 жж. - Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының кафедра меңгерушісінің орынбасары — аға лаборант.
1990-2008 жж. - Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындарда басшылық еткен.
2008-2011 жж. - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
2011-2012 жж. - Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру-жұмыстары және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
2012-2014 жж. - Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
2014-2017 жж. - ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.
2017-2018 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.
2018-2020 жж. - Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.
2020 жылдың 17 қарашасынан бастап – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.