Бисақаев Өркен Серікқалиұлы
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі
13322 21.01.21, 19:00
Өркен Бисақаев 1977 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында дүниеге келген.
Білімі:
1999 ж. - Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2010 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін, 2015 жылы Алматы Менеджмент университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1999-2000 жж. – Батыс Қазақстан облысындағы «Интергазқұрылыс» ААҚ-да экономист.
2000-2002 жж. – Атырау қаласының «Интергазқұрылыс» ААҚ-да КТК жобасы директорының орынбасары.
2002-2003 жж. - Атырау облысының «Интергазқұрылыс» ААҚ-да Теңізшевроил жоба басқармасының инженер-жобалаушысы.
2003 ж. – Батыс Қазақстан облысының «Интергазқұрылыс» ААҚ-да жоспарлау-экономикалық бөлім басшысының орынбасары.
2003-2004 жж. – Алматы қаласы «Қазтранском» ААҚ–да Шаруашылық департаментінің күрделі құрылыс бөлімінің бастығы.
2004-2007 жж. - Алматы қаласы «Ньютек Дистрибьюшин» ЖШС менеджері, корпоративтік жобалар департаментінің директоры, бас директордың орынбасары.
2007 жылдың наурыз- сәуірі – Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің бас инспекторының міндетін атқарушы.
2007 жылдың сәуірі – 2008 жылдың наурызы - Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің бас инспекторы.
2008 жылдың наурызы – 2010 жылдың сәуірі - Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2010 жылдың сәуірі – 2012 жылдың шілдесі – Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
2012 жылдың шілдесі– 2016 жылдың қазаны- Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының жетекшісі.
2016 жылдың наурызы – 2017 жылдың қаңтары – Ақтау қаласы әкімінің коммуналдық шаруашылық, жер, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, сәулет және қала құрылысы, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы мәселесі жөніндегі орынбасары.
2017 жылдың қаңтар -қарашасы – Ақтау қаласы әкімінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жер, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, сәулет және қала құрылысы, төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі орынбасары.
2017 жылдың қарашасы – 2018 жылдың қарашасы – Маңғыстау облысы туризм басқармасының жетекшісі.
2018 жылдың қарашасы – 2019 жылдың сәуірі – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
2019 жылдың 16 сәуірінен - «НК «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.
2019 жылдың 26 қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі