Бисембаев Абай Айдарханұлы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің көмекшісі
9728 19.03.19, 20:39
Абай Бисембаев 1967 жылы 21 мамырда туған.
Білімі:
1992 ж. – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «әлеуметтік - саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша бітірген.
1996 ж. – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Нарық институтын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Саясаттану ғылымының кандидаты.
Еңбек жолы:
1984-1992 жж. – Көкшетау облысының құрылыс - монтаждау басқармасында жұмысшы.
1992 ж. – Қазақ КСР Ғылым академиясы Экономика институтының ғылыми қызметкері.
1992-1994 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті инвестициялық қорлар басқармасының жетекші маманы, бастық орынбасары, бастығы.
1994-1995 жж. – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесінің консультанты.
1996-1997 жж. – «Азық түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ вице-президенті.
1997-1999 жж. – «Азық түлік келісім-шарт корпорациясы» ЖАҚ президенті.
1999-2006 жж. – «Азық түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ бірінші вице-президенті.
2006-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары.
2012-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы.
2019 жылдың 19 наурызынан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің көмекшісі.