Борашев Қуат Қаһарманұлы
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архивтер және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы
5515 09.06.21, 14:50
Қуат Борашев 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Білімі:
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Мамандығы – журналист.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» мемлекеттік телерадиохабарлар компаниясының редакторы болып бастаған.
1994 жылдың мамырынан қазанына дейін «Қазақстан Телерадио» республикалық корпорациясының репортеры болды.
1994-1995 жж - орта мектеп мұғалімі.
1995-1997 жж. - «Райхан-ТВ» телекомпаниясының дикторы.
1997 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін - «Тараз-ТВ» қалалық телеарнасының редакторы.
1997-2000 жж. - «Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясы» ЖАҚ редакторы, «Ақнұр» және «Азан» топтарының жетекшісі, комментаторы.
2000-2003 жж. - «Қазақстан темір жолы» АҚ бас маманы.
2003-2005 жж. - «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі.
2005 жылғы ақпаннан маусымға дейін - «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокомпаниясы» НЗАО бөлімінің бастығы.
2005-2006 жж. - «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокомпаниясы» НЗАО бөлімінің бастығы.
2006 жылдың наурызынан тамызына дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінің бас сарапшысы.
2006-2007 жж. - республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің колумнисті.
2007-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.
2012-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және архивтер комитеті төрағасының орынбасары.
2013-2017 жж. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы хатшылығы басшысының орынбасары.
2017 жылғы маусымнан қарашаға дейін - республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы.
2017-2019 жж - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы.
2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы хатшылығы басшысының орынбасары.