Бөрібаева Гаухар Асылбекқызы
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі
3765 29.04.19, 12:56
Гаухар Бөрібаева 1983 жылы дүниеге келген.
Білімі:
2004 ж. - Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2006 ж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2015 ж- - The London College UCK (бизнес менеджмент саласындағы магистр) бітірген.
Еңбек жолы:
2003 жылдың желтоқсаны – 2004 жылдың желтоқсанында - Оңтүстік Кореяның GreenIntegrated LogisticsCo.LTD көлік компаниясында менеджер.
2005 жылдың қаңтары – 2006 жылдың қыркүйегі - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-ның қаржылық мониторинг бөлімінің бас маманы.
2006 жылдың қыркүйегі – 2009 жылдың мамыр – «Қазақстан Даму банкі» АҚ-ның жобаларға несие беру департаментінің бас менеджері, жобалық дирекциясының бас фронт-менеджері.
2009 жылдың мамыр –қазаны – «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-ның инвестициялық жобаларды әкімшілдендіру департаментінің бас менеджері.
2009 жылдың желтоқсаны – 2010 жылдың наурызы - «Альянс Банк» АҚ-ның корпоративтік бизнес департаментінің бас менеджері.
2010 жылдың наурызы – 2011 жылдың тамызы – «Қазақстан Даму банкі» АҚ-ның жобалық дирекция басшысының орынбасары.
2011 жылдың тамызы – 2013 жылдың ақпаны – «Көлік логистикасын дамыту ұлттық орталығы» (қазіргі «ҚТЖ Express») АҚ-ның дамыту жөніндегі атқарушы директоры.
2013 жылдың ақпаны-тамызы – «Көлік логистикасын дамыту ұлттық орталығының» филиалы «ҚТЖ ҰК» АҚ-ның стратегия және сараптамалық зерттеулер басқармасының басшысы.
2013 жылдың тамызы – 2017 жылдың наурызы - Қазақстан Республикасы Президенті Істер басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымының қаржы-экономикалық мәселелері жөніндегі вице-президенті.
2017 жылдың наурыз –шілдесі - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның әкімшілдендіру департаментінің директоры.
2017 жылдың шілдесі – 2018 жылдың маусымы - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның басқарушы директоры.
2018 жылдың маусымы – 2019 жылдың сәуірі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2019 жылдың 29 сәуірінен – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі.