Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  

17
Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы Фото: gov.kz

Қанат Алдабергенұлы 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы коммерциялық ұйымда экономист болып бастады.

1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

1997 жылы – ҚР Экономика және сауда министрлігінде сауда-өндірістік бірлестіктің экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, өңірлік саясат бөлімінің басшысы.

1997–1998 жылдары – «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы» ЖАҚ жиынтық-қаржылық департаментінің басшысы, экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті.

1998–2000 жылдары – ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрілігінің мұнай және газ департаментінің директоры.

2000 жылы – ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

2001 жылы – «KEGOC» ААҚ бірінші вице-президенті.

2001–2007 жылдары – «KEGOC» ААҚ президенті.

2007–2008 жылдары – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ басқарма төрағасы.

2008–2009 жылдары – «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы.

2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін – Жамбыл облысының әкімі.

2013–2016 жылдары – Павлодар облысының әкімі.

2016–2019 жылдары – ҚР энергетика министрі.

2019–2021 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі.

2021–2022 жылдары – Алматы облысының әкімі. 

2023–2024 жылдары – ҚР Президентінің кеңесшісі.

2024 жылғы 31 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу