Брекешев Серікқали Аманғалиұлы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары  

34571
Брекешев Серікқали Аманғалиұлы

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда дүниеге келген. 

Білімі:

1995 ж. - Ш. Есенов атындағы Ақтау политехникалық институты, «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» факультеті.   

Еңбек жолы:

1995-1997 жж. - «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары, экономист.

1997 ж. - Ақтау қаласындағы Салық бөлімі, инспектор.   

1997-1998 жж. - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженер.

1998-2006 жж. - «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері.

2007-2014 жж. – энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған.  

2015-2020 жж. - «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында  ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.

2020 жылдың 5 наурызынан бастап – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

2021 жылдың 10 қыркүйегінен ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі

2023 жылдың 1 ақпанынан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу