Дайырбеков Нұрбек Слямханұлы

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі  

18473
Дайырбеков Нұрбек Слямханұлы

Нұрбек Дайырбеков  1973 жылы 11 мамыр Алматы қаласында дүниеге келді. 

Білімі:

Ленин комсомолы атындағы Новосібір мемлекеттік университеті  

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдаған. 

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық секторда, соның ішінде «Ақ-Бидай» ЖШС-де жұмыс істеген.

1997-2002 жылдары Алматы қаласындағы Мемлекеттік азық-түлік келісімшарт корпорациясында жұмыс істеген. Сатып алу және өткізу басқармасының басшысы, басқарма басшысының орынбасары, бас маманы, Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры қызметтерін атқарды. 

2002-2006 жж. - «Агронефтеснаб» ЖШС директоры.

2006-2009 жж. -  «Агронефтеснаб» ЖШС директоры. 

2010-2012 жж. - «Green Energy Almaty» ЖШС директоры.

2012-2016 жж. – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры – коммерциялық директоры.  

2016-2019 жж. - «Samal Trans» ЖШС директорының кеңесшісі.

2019 жылдың сәуір – қараша - «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2019 жылдың 6 қарашасынан бастап - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі  

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу