Дәленов Руслан Ерболатұлы
Қазақстан Республикасы экс-ұлттық экономика министрі
25223 12.02.21, 13:50
Руслан Дәленов 1975 жылы 8 ақпанда Целиноград (Нұр-Сұлтан) қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1999 ж. – Стамбулдағы Мармара университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін меңгерген.
Еңбек жолы:
1999-2002 жж. – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер министрлігінің мұнай, газ және энергетика бөлімінің басшысы, кірістерді талдау және болжау департаментінің басшысы.
2002-2003 жж. – қаржы министрлігі кірістер, конвенция және келісімшарт департаменті ағымдағы кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы.
2003 ж. – қаржы министрлігі салық комитеті кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасының басшысы.
2005-2008 жж. – «Инвестициялар тиімділігін зерттеу агенттігі» ЖШС экономикалық тобының жетекшісі, жекеменшік компания директоры.
2008 жылдың 11 наурызынан – 2017 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі.
2017 жылдың сәуірі – 2019 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
2019 жылдың 25 ақпанынан – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі.
Басқа қызметтері:
2008 жылдың 28 қарашасынан – Қазақстан Республикасының басқарушы кеңестердегі өкілдіктері басқарушысының орынбасары.
2008 жылдың маусымынан – «Өркен» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2008 жылдың 15 маусымынан – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2010 жылдың маусымынан – «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2012 жылдың маусымынан – «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2019 жылдың 29 сәуірінен – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
Мемлекеттік наградалары: медальдары: «Ерен еңбегі үшін», «Қаржы қызметінің үздігі», ІІ дәрежелі "Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін"