Данияр Еренғалиұлы Жаналинов
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
10869 12.08.22, 16:21
Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Білімі:
Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімі заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады.
2002-2008 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.
2008-2010 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.
2010-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды.
2014-2018 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
2018-2021 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
2021 жылғы тамыз айынан бастап ҚР қаржы вице-министрі болып жұмыс атқарған.
2022 жылғы 12 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.