Дәулет Тазабекұлы Ембердиев
Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
771 26.03.24, 18:00
1970 жылы 24 желтоқсанда қазіргі Түркістан облысының Қасқасу ауылында дүниеге келген. 1993 жылы "қазақ тілі мен әдебиеті, араб тілі оқытушысы" мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірді.
1993-2008 жылдары – Қазақстанның Өзбекстандағы, Израильдегі елшіліктерінде-атташе, үшінші хатшы, СІМ орталық аппаратының екінші хатшысы, бірінші хатшы, кеңесші; Иранда - кеңесші, Қазақстанның Горгандағы Бас консулы, Қазақстанның Ливандағы дипломатиялық миссиясының істеріндегі уақытша сенімді өкіл (1993-2008);
2008-2009 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі.;
2009-2010 жылдары — "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС Басқарушы директоры;
2010-2011 жылдары – ҚР Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, бас консулы;
2011-2016 жылдары – ҚР Ливан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі.;
2016-2019 жылдары – БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі, Нью-Йорк қаласы;
2019 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.
2024 жылы Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.