Дәурен Оденұлы Темірбеков
Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі
5395 01.09.22, 22:56
Дәурен Темірбеков 1986 жылы Семей қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақстан халықтар достығы университетін, Шеффилд университетін (Ұлыбритания) бітірген.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметін талдау басқармасы маманының м.а., маманы қызметінен бастады.
2008-2009 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде сарапшы қызметін атқарды.
2009-2011 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.
2011-2015 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды.
2015-2017 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті директорының орынбасары.
2017-2018 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, ҚР Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті директорының орынбасары.
2018 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, ҚР Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болды.
2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болып тағайындалды