Досаев Қайрат Әскербекұлы
Тараз қаласының әкімі
12336 21.11.19, 12:51
Қайрат Досаев 1965 жылы дүниеге келген.
Білімі:
1987 ж. - Қазақ ауыл шаруашылығы институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша бітірген.
2007 ж – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1987-1996 жж. - Алматыдағы "Казсельхозмеханизация" ғылыми-өндірістік бірлестігінің инженері, «Алтын диірмен» АҚ инженері, «Дешт» ЖШС директоры.
1996-1998 жж. - Алматы қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бөлім директорының орынбасары, Алматы қаласы Бостандық ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің сектор меңгерушісі, директорының орынбасары.
1998-2001 жж. -ҚР төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі.
2001-2007 жж. - Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қаратал ауданының әкімі, Алматы облысы табиғи монополияларды реттеу және қорғау және тарифтер басқармасының бастығы, төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі.
2007-2014 жж. - "Мекен" ЖШС директоры, "2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы" АҚ вице-президенті, департамент директоры, "Қазспортинвест"АҚ вице-президенті болды.
2014-2017 жж. - Қордай ауданының әкімі.
2017-2019 жж. - Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі.
2019 жылы 24 сәуірінен – Тараз қаласының әкімі.