Досмұхамбетов Махамбет Жолдасғалиұлы

Атырау облысы әкімі 

13374
Досмұхамбетов Махамбет Жолдасғалиұлы

Махамбет Досмұхамбетов 1960 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген.  

Білімі:

1983 ж. – И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау»  мамандығы бойынша бітірген.

2016 ж. –Қазақ мемлекеттік заң университетін,  іскери әкімшілік ету магистрі бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

1983-1986 жж. – «Ембімұнай» ӨБ «Балықшы» барлама бұрғылау басқармасының геологы.

1986-1987 жж. – «Ембімұнай» ӨБ ОИТҚ «Балықшы» барлама бұрғылау басқармасының бас геологы.

1987-1991 жж. – «Ембімұнай» ӨБ ЖИТҚ №1 Балықшы барлама бұрғылау басқармасының бас геологы.

1991-1994 жж. – «Мақатмұнай» мұнай-газ басқармасының бас геологы, «Мұнай» кеңес-америкалық бірлескен кәсіпорнының жетекші геологы.

1994-1995 жж. –   Атырау мұнай акционерлік компаниясының (АНАКО) бас геологы.

1995-1996 жж. – Атырау мұнай акционерлік компаниясының (АНАКО) Қырықмылтық өнеркәсібінің директоры.  

1996-1997 жж. – «Ес-Бол» ЖШС-ның техникалық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары.  

1997 ж. – «Ембімұнай» АҚ геологиялық бөлімінің бастығы.

1997-2000 жж. –  «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясының техникалық саясат департаментінің бас геологы, мұнай және газ шығару мен тасымалдау департаментінің геология жөніндегі бас менеджері.

2000-2001 жж. – «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясының мұнай-газ кен орындарын өңдеу және геология департаментінің директоры.

2001-2002 жж. – «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясының шикізат базасын дамыту және жер қойнауын қорғау департаментінің директоры.

2002-2003 жж. – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ геология және өңдеу департаменті директоры, қолданыстағы келісім-шарттарға мониторинг департаменті директорының орынбасары.  

2003-2004 жж. – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ БК-да үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары.

2004-2006 жж. – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өндіріс-техника сараптамасы департаментінің директоры, геология және өңдеу департаментінің директоры.

2006-2009 жж. – «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас геологы.

2009-2012 жж. –  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас геологы, геология және геофизика бойынша бас директорының орынбасары.

2012-2013 жж. – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ геология және әзірлеу бойынша бас директорының орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары – басқарма мүшесі.  

2013-2015 жж. – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы).

2015-2016 жж. –  «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Геология бойынша басқарушы директоры –бас геологы, ірі жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары.

2016 жылдың тамыз-қарашасы – «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ ірі операциялық емес активтар мен теңіз жобалары бойынша бас вице-президенті.

2016 жылдың 11 қарашасынан – 2019 жылдың 18 желтоқсанына дейін – Қазақстан Республикасы Энергетика бірінші вице-министрі.

2019 жылдың 18 желтоқсанынан – Атырау облысы әкімі.

Мемлекеттік марапаттары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу