Еділ Сабырұлы Оспан
ҚР оқу-ағарту вице-министрі
5857 20.02.23, 18:38
Еділ Оспан 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.
Білімі:
А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Ұлыбританиядағы Эксетер унивреситетін (University of Exeter) бітірген.
Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы «Құқық және экономика» колледжінің оқытушысы болып бастаған.
Әр жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің оқытушысы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
2007-2010 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі.
2010-2019 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сарапшысы, инспекторы.
2019-2020 жылдары Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары.
2020 жылы – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.
2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы ақпанға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2021 жылғы ақпаннан 2023 жылғы ақпанға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі.
2023 жылғы ақпан айынан бастап -- Үкімет Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2023 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды