Егембердиев Ержан Ошақбайұлы
ҚР Кәсіподақтар федерациясытөрағасының орынбасары
3940 22.08.19, 15:44
Ержан Егембердиев 1979 жылы 15 маусымда туған.
Білімі:
Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы “Болашақ” Қарағанды институтын “Құқықтану” мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолы:
2004-2013 жж. - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аға оқытушы, деканның орынбасары, заң факультетінің деканы.
2013-2014 жж. – «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялары тобының газ саласы қызметкерлерінің кәсіподақ бірлестігі» ЗТБ заңгер кеңесші, төраға.
2014-2015 жж. – ҚР Әділет министрлігінде Заң институтының бас сарапшысы;
2016 ж. – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Соттар және сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру секторының меңгерушісі;
2016-2017 жж. – Жоғарғы сот жанындағы Сот төрелігі академиясында Азаматтық құқық және процестер кафедрасының меңгерушісі.
2018-2019 жж. – ҚР КФ Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық әріптестік департаментінің директоры.
2019 жылдың 22 тамызынан бастап – ҚР Кәсіподақтар федерациясытөрағасының орынбасары