Эльвира Әзімова Конституциялық Соттың Төрағасы
Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды.
147 18.09.26, 10:14
Эльвира Әбілқасымқызы 1973 жылғы 15 ақпанда дүниеге келген. 1996 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Халықаралық заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолында Әділет министрлігінде ұзақ жыл қызмет атқарды.
1996-1999 жылдары министрліктің Халықаралық-құқықтық қамтамасыз ету басқармасында жетекші және бас консультант болды.
1999-2005 жылдары заңнама, халықаралық құқық және протокол бағыттарындағы департаменттерде басшылық қызметтер атқарды.
2005-2010 жылдары Әділет министрлігінің заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, келісімшарттар және талап-арыз жұмысы бағытындағы департаменттерін басқарды.
2010-2013 жылдары Әділет министрлігінің халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры, ал 2013-2019 жылдары Әділет министрінің орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қаңтарға дейін ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болды.
Эльвира Әзімова 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы қызметін атқарып келді.
Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды.