Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев
Үкімет қаулысымен Ербол Тұяқбаев – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды.
102 10.04.26, 17:11
Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
2013–2018 жылдары – ҚР БҒМ Ғылым комитетінде сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы.
2019–2020 жылдары – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ БАҚ, «Astana» ӘКК» акционерлік қоғамында қызмет етті.
2020–2023 жылдары – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, басшысы, Инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы, сондай-ақ Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.