Еркінбаев Ержан Мәлікұлы
Kazakh Tourism ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
40344 06.11.23, 19:32
Ержан Еркінбаев 1982 жылы 7 маусымда Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген.
Білімі:
2002 ж. - Қазақ мемлекеттік заң академиясы ,
2005 ж. – Алматы экономикалық университетін «Банк ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2002-2003 жж. - Capital Partners компаниялар тобының заң бөлімінде заңгер. Capital Partners компаниясында Ақтау және Атырау қалаларындағы халықаралық қонақүйлер кешендерін дамыту жөніндегі жобалар жетекшісі.
2003-2005 жж. - Mariott Aktau Hotel, Mariott Atyrau Hotel, Mariott Executive Apartments Atyrau қонақүйлер кешендерін іске қосу жөніндегі жобалардың жетекшісі.
2005-2009 жж. - Capital Partners компаниясының жобаларды дамыту жөніндегі бөлімнің директоры. Capital Partners компаниясының басқарушы директоры, білім беру саласындағы халықаралық жобалар департаментінің жетекшісі.
2009-2013 жж. – «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының бас директоры.
2013-2016 жж. - «Медеу» спорт кешенінің бас директоры.
2016-2019 жж. - Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры.
2019 жылдың 28 қазынынан бастап – Kazakh Tourism ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
Басқа да қызметтері:
Haileybury UK халықаралық британиялық мектептерінің тәуелсіз директоры.
Алматы қалалық мәслихатының 6 шақырылымының депутаты.