Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы  

1600
Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Фото: gov.kz

Білімі:

1989 жылы Қазақ политехникалық институтын, 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінбітірген.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

ҚР МҚК Құрметті қызметкері.

2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді.

2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.

Еңбек өтілі:

1994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтерді атқарды;

2006-2019 жылдары – ҚР Президенті Күзет қызметінің офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет атқарды;

2019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы;

2021-2022жж. - Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, бастығы;

2022 жылғы қаңтардан бастап – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, 2022 жылдың 22 қарашасында осы лауазымға қайта тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу