Ермек Беделбайұлы Көшербаев

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

121
Ермек Беделбайұлы Көшербаев Фото: plus.rbc.ru

Ермек Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген.

C.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988) Тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1991-1993) халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады, дипломат.

Қазақ, орыс, ағылшын, корей тілдерін меңгерген

Мансап:

ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы (1988-1988);

Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (1988-1989);

Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің баспа және ақпарат бөлімінің бірінші хатшысы (1989-1990);

Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің консулдық бөлімінің бірінші хатшысы (1990-1991);

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Азия елдері басқармасының бірінші хатшысы (1993-1993);

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы (1993-1993);

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім меңгерушісі (1993-1994);

Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты (1994-1996);

Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы (1996-1996);

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Швейцария Конфедерациясы Берн қ. (1996-1997);

Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы (1997-1997);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі (1997-1999);

«Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» қоғамдық қорының коммерциялық және жалпы сұрақтар бойынша директорының орынбасары (2000-2000);

«Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» қоғамдық қоры директорының бірінші орынбасары (2000-2000);

«ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы жабық акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің басшысы (2000-2001);

«ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (2001-2001);

«Мұнай мен газ тасымалы» Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының аппарат басшысы (2001-2002);

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (2002-2003);

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының бірінші вице-президент кеңесшісі (2003-2003);

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (2003-2003);

«Рауан Медиа Групп» акционерлік қоғамының бас директоры (2003-2004);

«Отан» Республикалық саяси партиясының орталық аппарат басшысының бірінші орынбасары (2004-2004);

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (2004-2005);

«Атамекен жалпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының бірінші орынбасары (2005-2006);

«Отан» Республикалық саяси партиясының орталық аппарат басшысы (2006-2007);

«Беркут» қаржы өнеркәсіп тобы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Астана қ. (2007-2007);

«KazEnergy» Қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының атқарушы директоры, Астана қ. (2007-2008);

«Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас продюсері, Астана қ. (2008-2008);

«Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас директоры, Астана қ. (2008-2009);

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Семей қ. (2009-2010);

Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы (2010-2010);

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2010-2012);

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (2012-2014);

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі (2014-2016);

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы (2016-2018);

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (2018-2019);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (2019-2020);

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2020-2023);

2023 жылғы 16 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрмет атақтары: «Құрмет» Ордені (2018)

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу