Ернар Мұхтарұлы Хасенов

ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы   

147
Ернар Мұхтарұлы Хасенов Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы энергетика министрінің бұйрығымен Ернар Хасенов ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ернар Мұхтарұлы Хасенов 1987 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Инновациялық Еуразия университетін,  «Болашақ» бағдарламасы бойынша Стратклайд университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын Автомобиль жолдары комитетінің Павлодар облыстық департаменті сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімінің жетекші маманыны болып бастады.

2010–2014 жылдары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің сарапшысы, бас сарапшы, басқарма басшысы.

2014–2023 жылдары – ҚР Премьер-министрі кеңсесінде бас сарапшы, бас консультант, бас инспектор.

2023–2025 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.

2025 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін (21.10.2026 ж.) ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу