Ержан Әбіш Жарылғасынұлы

ҰЭМ Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры 

9153
Ержан Әбіш Жарылғасынұлы

Ержан Әбіш Жарылғасынұлы 1987 жылы дүниеге келген.

Білімі:

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген. «Болашақ» бағдарламасының 2016 жылғы стипендиаты.

Еңбек өтілі:

Әр жылдары «Альянс Банк» АҚ кредит маманы, «Нархоз» университетінде және С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде экономикалық пәндердің оқытушысы, «Қазақстан Халық банкі» АҚ кредиттік тәуекелдерді басқару жөніндегі аға тәуекел менеджері болып жұмыс істеген.

2017-2021 жж. – ҚР Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің стратегия және талдау басқармасының бас маман-талдаушысы.

2021 жылғы ақпаннан бастап осы уақытқа дейін ҚР Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті қаржылық тұрақтылық саясаты басқармасының бас маман-талдаушысы болып еңбек етті.

2022 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры.

2021 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданды.

Экономика ғылымдарының магистрі. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, француз тілдерін меңгерген.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу