Ержан Иманслям
Павлодар қаласының әкімі
23126 19.07.21, 12:00
Ержан Иманслям 1972 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Білімі:
1991 ж. - Красноармейка ауылшаруашылық техникумын (техник-механик)
2007 ж. - Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын (құқықтану бакалавры)
2014 ж. - Инновациялық Еуразия университетін (экономика және бизнес бакалавры)
2017 ж. - Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру бакалавры; заң ғылымдарының магистрі) тәмамдады.
Еңбек жолы:
1987 ж. - Қашыр ауданы Калиновка ауылындағы құрылыс учаскесінде жұмысшы.Техникумды аяқтаған соң, Качир кентіндегі құрылыс материалдары және конструкциялар комбинатында слесарь-сантехник болып жұмыс істеді. Шекара әскерлері қатарындағы қызметінен соң Павлодардағы «Энергожилстрой 1» құрылыс басқармасының монтажшысы болды.
1994 жылдан - 2000 жылға дейін - Качир ауданының ішкі істер бөлімінде және прокуратурасында түрлі қызметтер атқарды.
2005-2008 жылдар аралығында - Качир ауданының әкімдігінде, соның ішінде әкім аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.
2008- 2011 жылдары - Ақсу қаласының әкімдігінде, соның ішінде қала әкімінің орынбасары қызметінде еңбек етті.
2011-2013 жж. – Павложар қаласы әкімі аппаратының жетекшісі.
2013-2014 жж. – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.
2015-2017 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы Тайшы ауданы әкімі.
2017-2020 жж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің машина жасау басқармасының бастығы.
2020 жылдың 27 шілдесінен – Павлодар қаласының әкімі.