Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
3539 20.10.22, 15:14
Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев 1969 жылы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі:
Армия генералы А. В. Хрулев атындағы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясын бітірген.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдарында бастады.
1995-1996 жылдары Қорғаныс министрлігінің Бюджеттік-қаржы басқармасы Қаржы инспекциясының инспектор-ревизоры болып жұмыс істеді.
1999-2000 жылдары ҚР Қорғаныс Министрлігі Экономика және қаржы департаменті Ревизионды-бақылау басқарма басшысының орынбасары-қаржы бөлімінің бастығы, Ревизионды-бақылау басқармасының басшысы болды.
2000-2002 жылдары – ҚР Қорғаныс министрлігі Бас қаржы инспекциясының бастығы.
2002-2006 жылдары – ҚР Республикалық Ұланның ревизиондық-бақылау қызметінің бастығы, әскери-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету департаменті бастығының орынбасары – Қаржы-экономикалық басқармасының бастығы.
2007-2009 жылдары – «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Активтерді басқару және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының директоры-басқарушы директоры.
2009-2010 жылдары – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің директоры.
2022 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды.
Әр жылдары Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің құрылымдарында басшылық қызметтер атқарды.