Ержанов Аманияз Қасымұлы
Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
7652 20.03.19, 18:00
Аманияз Ержанов 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында туған.
Білімі:
1982 ж. – Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген.
1987 ж. – БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін бітірген.
2001 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1982 жылы Орал облысының кеңшарында бас инженер-гидротехник болып бастаған.
Әр жылдары ҚР премьер-министрі орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі, ҚР мемлекеттік кеден комитеті департаменті директоры, ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясы секторының меңгерушісі, Атырау облысы бойынша кеден басқармасының басшысы, ҚР кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.
2005-2006 жж. – ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2006-2007 жж. – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2007-2012 жж. – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары. ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өнеркәсіптік комитеті төрағасы.
2012 жылдың ақпаны – 2017 жылдың тамызы – ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
2014 жылдың тамызы – 2017жылдың наурызы – ҚР инвестициялар және даму министрлігінің индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасы болды.
2017 жылдың наурызы – 2018 жылдың маусымы – ҚР премьер-министрі кеңсесінің индустриялдық-инновациялық дамыту бөлімінің меңгерушісі.
2018 жылдың 18 маусымы – 2019 жылдың 20 наурызы – Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіпті цифрлық дамыту вице-министрі.
2019 жылдың 20 наурызынан бастап – Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрпылымдық даму вице-министрі