Ешенқұлов Талғат Ілиясұлы
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы
6485 15.04.19, 10:53
Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Білімі:
1999 ж. – М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін үздік бітірген.
2000 ж. – «Қайнар» университетін бітірген.
2010 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1997 ж. – Жамбыл облысының Тараз қаласында «Алма» АҚ-да жұмыс істеген.
2000-2007 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотында, республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басқарушы қызметтерді атқарған.
2007-2011 жж. – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау департаментінде жетекші.
2016-2018 жж. – Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
2018 ж. – Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрінің уақытша міндетін атқарушы.
2018-2019 ж. – Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасы.
2019 жылдың 7 ақпаны – 2019 жылдың 15 сәуірі – Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі
2019 жылдың 15 сәуірінен - Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасы.