Ешмағамбетов Жанат Болатұлы

ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетітінің төрағасы (ҚАЖК)

10903
Ешмағамбетов Жанат Болатұлы

Жанат Болатұлы Ешмағамбетов 1970 жылы 9 қыркүйекте Қарағанды облысы Саран қаласында дүниеге келген.
Білімі:

Қарағанды экономикалық университеті, құқықтану факультетін бітірген. 

Еңбек жолы:

1992-1993 жж. – Қарағанды ​​қаласының «Арка» құрылыс компаниясының жабдықтау бөлімінің аға маманы.

1993 жылдың қыркүйек айынан 2006 жылдың тамыз айына дейін – ҚР ҰҚК жедел қызметкерден бөлім бастығына дейінгі лауазымдарды атқарды.

2006 жылдың тамыз айынан 2007 жылдың ақпан айына дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы.

2007 жылдың ақпан айынан 2008 жылдың қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының бас инспекторы.

2008 жылдың қаңтар айынан 2010 жылдың қыркүйек айына дейін – Қарағанды облысының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы.

2010 жылдың қыркүйек айынан 2012 жылдың сәуір айына дейін – Солтүстік – Қазақстан облысының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы қызметін атқарды.

2012 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы.

2014 жылдың тамызынан – 2016 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментінің директоры.

2016 жылдың 8 сәуірінен – 2019 жылдың наурызына дейін – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары.

2019 жылдың наурызында өзінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары қызметінен босатылды. 

2019 жылдың 20 наурызынан бастап – 2020 жылдың 12 ақпанына дейін - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аппарат басшысы. 

2020 жылдың 12 ақпанынан - ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетітінің төрағасы (ҚАЖК)

Мемлекеттік наградалары:медальдары: «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл».

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу