Есқараев Азамат Несіпбайұлы

ҚР Президент Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі  

159
Есқараев Азамат Несіпбайұлы Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Азамат  Есқараев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды», – делінген хабарламада.

Азамат Несіпбайұлы 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Заңнама департаментінің жетекші маманы болып бастады, кейін бұл министрлікте түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, оның ішінде Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Заңнама департаментінің директоры болды.

2005-2006 жылдары Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды.

2006-2007 жылдары «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді.

2014-2023 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі қызметін атқарды.

2023-2025 жылдары Қазақстанның Әділет министрі болған.

Қазақстанның Үндістандағы Елшісі болып тағайындалды. Оған Бангладеш, Бутан, Мальдив Республикасы және Непалдағы елші міндеттері де қоса жүктелді.

2026 жылдың 5 қазанынан бастап оның дипломатиялық қызмет кезеңі аяқталып, Азамат Есқараев Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөліміне жетекшілік етеді.

Ағылшын тілін меңгерген.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу