Есмағамбетова Айжан Серікбайқызы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері
22405 14.02.22, 14:01
Айжан Есмағамбетова 1972 жылы 5 сәуірде дүниеге келген.
Білімі:
1997 ж. - Алматы мемлекеттік медициналық институтын гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген.
2018 ж. – Инновациялық Еуразия университеті және Management marketing university.
«Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатқа ие.
Еңбек жолы:
1990-1991 жж. - Алматы қаласындағы №7 емхананың дәрігер-фельдшері.
1997-2004 жж. - Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның эпидемиологы, бактериолог, аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі.
2004-2013 жж. - жетекші маман, бас маман, сарапшы, бас сарапшы, құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің бастығы,сСанитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары.
2013-2014 жж. - Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
2014-2017 жж. - эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры - тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінде Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіндегі эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бастығы - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары.
2017 жылдың наурыз – қарашасы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры.
2017 жылдың қарашасы – 2020 жылдың наурызы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры.
2020 жылдың 20 наурызынан - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері