Еспанов Ілияс Сапарбекұлы

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетінің төрағасы

5804
Еспанов Ілияс Сапарбекұлы

Ілияс Еспанов 1976 жылы 1 қаңтарда Шымкент облысында дүниеге келген. 

Білімі:

1996 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтының түлегі.  

2007 ж. – Лондондағы экономика және саяси ғылымдар мектебін, «экономист» мамандығы бойынша бітірген. 

2008 ж. –  Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресейлік халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында білім алды. Экономист, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.

Еңбек жолы:

1993-1996 жж. – «Ақ-Бастау» АБ Сарыағаш аудандық филиалының бухгалтері, аға маманы, директордың орынбасары болған.

1996 ж. – Сарыағаш қаласындағы Ұлттық банк есептік-кассалық орталық басшысы. 

1996-1997 жж. – Республикалық бюджеттік банктің Сарыағаш аудандық бөлімше басшысының орынбасары, басшысы. 

1997-1998 жж. – «Темірбанк» ААҚ Шымкенттік филиалының Сарыағаш қаласындағы ШКО меңгерушісі.   

1998-1999 жж. – «Күркелес» ӨК төрағасының орынбасары.

1999-2002 жж. – бас маман, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі. 

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы кедендік бақылау агенттігі төрағасының көмекшісі. 

2003-2005 жж. – Астана қаласы бойынша КБ-КБД төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 

2005 жылдың қазаны – 2006 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарызын өтей алмайтын борышқорлармен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.

2006 жылдың наурызы – 2007 жылдың наурызы – Астана қаласы соттарының әкімгері. 

2007 жылдың наурызы – 2009 жылдың сәуірі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттық әкімгерлік комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 

2009 жылдың сәуірі  – 2010 жылдың маусымы – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының экономика және қаржылар департаментінің бастығы. 

2010 жылдың қазаны – 2013 жылдың қыркүйегі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды департаментінің бастығы.  

2013 жылдың қыркүйегі – 2016 жылдың шілдесі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының соттар қызметін қамтамасыз ету депаратаменті басшысы.

2016 жылдың 4 шілдесінен – 2019 жылдың 4 маусымы аралығында – Ақтөбе қаласының әкімі.   

2019 жылдың шілдесінен бастап -  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетінің төрағасы.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу