Евниев Арман Қайратұлы

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы экс-вице-министрі

5481
Евниев Арман Қайратұлы

Арман Қайратұлы Евниев 1968 жылы 21 маусымда Солтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:

1990 ж. – Омбы ауыл шаруашылығы институтын (агрономия) бітірген.

2001 ж. – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген (мемлекеттік басқару). 

2002 ж. – Қарағанды институтын бітірген.

Еңбек жолы:

1985-1990 жж. – кеңшар жұмыскері.

1990-1994 жж. – Солтүстік Қазақстан облысының «Степной» совхозының агрономы, бас агроном.

1994-1999 жж. – Солтүстік Қазақстан облысының Мәскеу ауданының XXV Партсъезд атындағы ауылдың агрономы, «Новоузенское» ЖШС директоры.

1999-2000 жж. – Солтүстік-Қазақстан облысының Аққайың ауданы әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

2001-2002 жж. – ҚР Парламенті мәжілісінің аппарат секторының кеңесшісі, меңгерушісі, ҚР Парламенті мәжілісінің аппаратында өңірлік даму және экономикалық реформалар жөніндегі комитеті бөлімінің меңгерушісі.

2002-2005 жж. – ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің егіншілік шаруашылығы департаментінің директоры.

2005-2006 жж. – ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі.

2006-2007 жж. – ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің егіншілік шаруашылығы департаментінің директоры.

2007-2008 жж. – «Оңтүстік» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары.

2008-2010 жж. – ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі.

2011 ж. – «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның АӨК іскерлік кеңесінің төрағасы

2013-2016 жж.– ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы.

2016-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлкеттік инспекторы.

2018 жылдың қаңтары 2019 жылдың наурызы – ҚР ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі.

Мемлекетттік нагардалары: «Құрмет» ордені.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу