Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков

Шымкент қаласының әкімі  

28239
Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков

Ғабит Сыздықбеков 1980 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2004 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі қызметінен бастаған.

2005-2006 жылдары – ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы; ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы.

2006-2007 жылдары – ҚР СІМ Кеңсесі баспасөз қызметінің үшінші хатшысы; екінші хатшысы.

2007-2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының аппаратында түрлі лауазымдарды атқарған.

2011-2012 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы.

2012-2017 жылдары – Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі.

2017 жылғы тамызда ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі болды.

2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі.

2019 жылғы мамырдан бастап қыркүйекке дейін – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарды.

2021 жылғы 14 шілдеде ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

2023 жылғы 5 қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу