Ғалымжан Олжаұлы Пірматов
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк төрағасы
15789 03.02.22, 20:00
1972 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі:
Новосибирск мемлекеттік университетінің, Қазақстан экономика және болжау менеджменті институтының, Atkinson Graduate School of Management, Willamette University және INSEAD түлегі.
Еңбек өтілі:
Әр жылдары "Алтын-Тас" БК қаржы директоры, AIG Silk Road Capital Management компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры қызметін атқарған.
2005-2007 жылдары "Ұлттық Банк" АҚ Инвестициялық банкинг департаментінің директоры болған.
2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2009-2011 жылдары "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті.
2011-2015 жылдары Cameco Kazakhstan компаниясының президенті қызметтерін атқарды.
2015-2017 жылдары Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары.
2017 жылдың тамыз айынан-2021 жылдың тамызына дейін - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы.